Ауыл кәсіпкерлері көпір салды

Ауыл кәсіпкерлері көпір салдыЖаңақорған. Ауданға қарасты Қожакент ауылдық округінде елдімекен ішінен өтетін «К-1» су қашыртқысы үстінен ені 1,20, ұзындығы 24 метр болатын көпір салынуда. 
Оны ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкер, ағайынды Ибадуллаевтар әулеті өздерінің жеке қаржысы есебінен жасап беруде. Бұрын ауылдағы №184 орта мектепке баратын Ж.Жабаев, Ы.Алтынсарин және Қ. Дүрбайұлы көшелерінде тұратын оқушылардың мектепке дейінгі жол қатынасы тұрғысында көптеген қиындықтар кездесетін. Ал көпір орнатылған жағдайда балалардың мектепке бару жолы қысқарып, тура баруға мүмкіндік туады. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген бұл көпір алдағы сенбіде пайдалануға беріледі деп күтілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2014 г. 1 067 0