Жалағашта жаңа үлгідегі емхана ашылмақ

Жалағашта жаңа үлгідегі емхана ашылмақЖалағаш. Ауданда медициналық мекемелер жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Алыс-жақын елді мекендер дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етілуде. 
Кент орталығынан 250 емделушіге арналған құны 1 млрд. 329 млн. теңге құрайтын жаңа типтегі емхана құрылысы қазір қарқынды жүруде. Жуырда бұл нысанды пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 2012 жылы Жаңадария ауылынан фельдшерлік акушерлік пункт салынса, өткен жылы М. Шәменов, Аққыр ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталып, пайдалануға берілуде. Сондай-ақ, 2014 жылы Аққұм, Мәдениет ауылдарындағы ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2014 г. 881 0