Балабақша ұжымы марапатқа ие болды

Балабақша ұжымы марапатқа ие болдыҚазалы. Қазалы ауданының №17 «Айгүл» балабақшасының ұжымы өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып келеді. 
Балабақша ұжымын басқарудағы табыстары және 2011-2012 жылдары жүргізілген статистикалық есептіліктің жоғары деңгейде жүргізілгені үшін балабақша меңгерушісі Галина Келмағанбетова «Даңқ» орденімен марапатталды. Ол басқарып отырған ұжым Ұлттық бизнес-рейтингтер одағының «Сала көшбасшысы-2014» қабырға медалімен марапатталды. Осы ұжымның есепшісі Мирамкүл Қонысбай «Еңбек тиімділігі үшін» медалімен, шаруашылық меңгерушісі Сахи Күлмараш «Сала көшбасшысы-2014» ұлттық сертификатымен марапатталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2014 г. 876 0