« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің « (Қызылорда қ.)» мемлекеттік мекемесінің 5 құтқарушысы 2018 жылдың 13 мамыр күні Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығын мерекелеу аясында, Қызылорда облысының әкімдігі, «Жас Отан» жастар қанаты ҚОФ, «Тарлан» спорт комплексі, «Zangar Sport» қоғамдық бірлестігі, «Жомарт» мүгедектерге, балалары мүгедек ата-аналарға және тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету» қоғамдық бірлестігі, «Шуақты Бөбек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Көктем Марафоны-2018» қайырымдылық марафонына қатысты.
10 шақырым қашықтыққа жүгіру қорытындысы бойынша құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Абай Кеңес жүлделі ІІІ орынға иеленіп, кубок және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Қалған 4 құтқарушы марафонның ондық үздік қатысушы қатарына кірді.
Бұл марафонның негізгі мақсаты - «Ұлт саулығы» идеясын, салауатты өмір салтын насихаттау және халықты дене шынықтыруымен және спортпен белсенді айналысуға баулу, бұқаралық спортты дамыту және жас спортшыларды қолдау болып табылады.
Марафонға 300-ге жуық облыстық және аудандардың мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындар, бірлестіктер және т.б салалар өкілдері қатысты.
Марафонға қатысушыларынан жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |