
Астанада бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Чемпион атағына еліміздің 76 боксшы қызы 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.
«Дәулет» спорт кешенінде 14-17 мамыр аралығында жарыс күнде сағат 12.00-де басталады, жанкүйерлерге кіру тегін.
Жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз: 14 мамыр 12.00 - 15.30 - бастапқы кездесулер 15 мамыр 12.00 - 15.30 - ширек финал 16 мамыр 12.00 - 15.30 - жартылай финал 17 мамыр 12.00 - 14.30 - финал.