Шиелі ауданында Конго қырым қанды қызбасының алдын алу жұмыстары жүзеге асырылады.
«Мамандардың ұсынысымен қазірде қауіпті ошақ ретінде 22 елді мекен белгіленген. Сондықтан алдын алу шараларының барынша сапалы жүргізілуін ауыл әкімдері өздеріңіз бақылауға алыңыздар» деді аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов. Болат Әбдулхайысұлы бұл мәлімдемені аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кеңес отырсында айтты. Одан өзге отырыста дизенфекция жасау барысында мал басын, суат аймағын, мал жүретін аймақтарды толығымен қамту пысықталып, шаралар 22 елді мекенде малдарға үш рет, қора қопсыға екі рет қайта жүргізілетіні айтылды.