Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай, "Жасампаз жасақ!" ұранымен соғыстың тыл ардагері, қала тұрғыны Владимир Загуменныйдың үйіне көмек көрсетілді. Бастама облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен өтті. «Жасыл ел» сарбаздары үй ішін əктеу, есіктерді сырлау секілді жұмыстарды атқарып, үй шаруашылығына көмектесті. Сұхбат барысында қарт сарбаз басынан өткен оқиғаларды айтып, өткен күндерден сыр шертті.