« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» қолдауымен «Сыр елі және ХХІ ғасыр» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Тарих толқынында» атты облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында эколог-өлкетанушы мұғалім мұражай материалдарын кеңінен пайдаланып, оқушылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас жасай отырып, түсіндірді. Аймақ тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлерімізді таныстырып, тарих беттеріндегі тың мәліметтерімен бөлісті. Сонымен қатар аймағымыздағы қасиетті нысандарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Киелі Сырдың қасиетті мұралары» атты фото-көрмесіні тамашалады. Оған Ежелгі Шірк-Рабат қалашығы (б.з.д. Ү-ІІ), Ортағасырлық Жанкент қалашығы (ҮІІ-ХІ ғ) Ортағасырлық Сығанақ қалашығы (Х-ХІІ ғ.), Оқшы ата кесенесі (Х-ХІ ғ) секілді қасиетті өлкелердің суреттері қойылды.
Шараға қатысқан №6 М.Сужиков атындағы мектеп директорының орынбасары Роза Сақтағанова мұндай экскурсиялардың оқушыларға пайдасы мол боларын атап өтті.
- Экскурсияға оқушылардың қызығушылығы ерекше. Бүгін балалар тың деректермен танысып, тарихи мағлұматтарға қанықты. Мұндай шаралардың маңызы зор. Сол арқылы балалар қазақ елінің, аймағымыздың тарихымен танысып, білімдерін одан әрі жетілдіре түседі, - деді ол.
Шара нәтижесінде жас ұрпақ тарихымызға қанығып, археологиялық құнды жәдігерлерімізбен танысты. Ата-бабадан мұра болып, бүгінгі күнге жеткен археологиялық қазба жұмыстары барысында тарихшыларымыздың зор еңбегімен табылған дүниелерді көріп, білді. Аймағымыздың ауа райына бейім жануарлар мен топырағымызға төзімді өсімдіктермен танысты.
Экскурсияға қалалық №6 М.Сужиков атындағы мектептің 30 оқушысы қатысты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |