Облыста туберкулез деңгейі төмендеді

Облыста туберкулез деңгейі төмендедіОблыста туберкулезбен аурушаңдықтың төмендеу қарқыны 7,5% , өлім көрсеткішінің төмендеуі 31 пайыз. Балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдықтың төмендеу қарқыны -12,5 пайыз құрайды. 
2013 жылы 623 науқас алғаш рет ауырып тіркелген (2012 ж.-662), туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 92.0 ден 85,1-ге төмендеген. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республика бойынша -73,5. «Туберкулезбен аурушаңдылық балалар арасында 20,2-ден 18,2-ге, жасөспірімдер арасында 154,5-тен, 136,8-ге төмендеп дертке шалдыққан балалар саны-44 баладан 41 балаға, жасөспірімдер саны 64 жасөспірімнен 53 жасөспірімге азайды. Туберкулезді ерте және дәрілерге төзімділігін анықтау әдістері – Бактек, Хайн тест, Den Xpert толығымен қолданылуда, нәтижесінде науқасарды уақытылы қажетті емге алу 100 пайызға жетті» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 наурыз 2014 г. 833 0