Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде «Сөз сойыл» әзіл-сықақ отауы бар. Сол отауда жылма-жыл жазушы-сатирик Балғабек Қыдырбекұлының атындағы жүлдеге үміткерлер іріктеліп, олардың арасынан жеңімпаздар анықталады. Үстіміздегі жылы аталмыш жүлде Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Сыр бойы» газетінің Шиелі және Жаңақорған аудандары бойынша меншікті тілшісі Нұрмахан Елтайға берілді.
Сарапшылар Н.Елтайдың жыл бойына «Сөз сойыл» әзіл-сықақ отауында жария көрген шығармаларын таразылай отырып, осындай оң бағасын беріп отыр. Қаламгер бүгінгі күнге дейін оқырман қауымға «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Ауылдың айтқыштары», «Беті бүлк етті», «Үшінші тайм» және «Белаасар» сынды туындыларын ұсынды.