Жас кәсіпкерлерді көбейту көзделуде

Жас кәсіпкерлерді көбейту көзделудеСырдария. Қазіргі таңда ауыл жастарының белсенділігін арттыру маңызды болып отыр. Ауданда жас кәсіпкерлердің үлесі аз, осы мақсатта кәсіп көзін ашып, табыс табуына «Жастарды қолдау орталығы» мекемесі жан-жақты көмек көрсетуге көңіл бөледі. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы орайда ауданға қарасты Бесарық ауылында «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның жас кәсіпкерлері және белсенділерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлікті ашу жолдары, бизнес-жоспар әзірлеу және т.б. мәселелер қозғалып, тиісті жауаптары алынды. Сондай-ақ кездесу соңында ауылдың жас белсенділері облыстық «Жастарды қолдау орталығы» басшысының алғыс хатымен марапатталды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2014 г. 781 0