Жаңақорған. Ауданға қарасты Жаңарық ауылдық округінде «Бал-шуақ» жеке балабақшасының салтанатты түрде ашылу рәсімі болып өтті.
Ауыл тұрғындарының көптен күткен тілектері орындалып 80 бүлдіршінге жоспарланған балабақшада бүгінгі күні 50 бала тәрбиеленуде. Балабақшада балғындарды мектепке дейінгі дайындықтан өткізуге барлық жағдайлар жасалған. Балалар балабақша табалдырығын жаңадан аттағандарына қарамастан ән салып, би билеп, тақылдап тақпақ айтты. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында сыйға тартқаны үшін ауыл тұрғындары балабақша құрылтайшысы С.Ахатаевқа алғыстарын білдірді. Соңынан ауыл халқына арнайы ақ дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды.