Шиелі. Қазақты ұлттық құндылыққа, ауызбіршілікке, қайырымдылыққа үндейтін Наурыз мерекесі аясында орталық мешіттің ұйымдастыруымен дәстүрге айналған қайырымдылық көмек өз жалғасын тапты.
Бұл жолы Шиелі кенті орталығында тұратын тұрмысы төмен 5 отбасыға азық-түліктер мен тұрмыстық заттар берілді. Мұндай шара ауданда тұрақты түрде жалғасын тауып келеді. Соның нәтижесінде көптеген қамкөңіл жандардың жүздері жадырап, олар қамқорлық көрсеткен азаматтарға алғаусыз алғыстарын жаудырды.