« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Мұғалімдерді аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі, тестілеу сұрақтары дайын. Тестілеу жұмыстарын келесі айдан бастаймыз. Бүгінгі күні алпыс мың мұғалім өз еркімен осы тестілеу аттестациясына жазылды. Ол бізге не көрсетеді? Мұғалімдеріміз – білімді, сабақтарын біледі, өзіне сенімді, тестілеуден қорықпайды», – деді Ерлан Сағадиев.
Сонымен қатар министр жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жалғастырылып жатқанын айтты.
«Былтырғы жылы 1,2,5,7 сыныптар өтті. Жаңа оқу бағдарламасы мен жаңа оқулықтар кезең-кезеңмен дайындалуда. Алдағы 2018 оқу жылынан бастап 3, 6, 8 сыныптар қосылып, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу 70 пайызға орындалады деп есептеуге болады. Жаңа оқулықтар дайын. «Қоғамдық бағалау» порталында макеттері қойылды және апробация жүргізілуде»,- деді ол.
Министрдің атап өтуінше, 10-11 сыныптарда 4 пәнді ағылшын тілінде оқыту бойынша да көп дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Ол оқулықтарды, методикалық кешенді дайындау, мұғалімдердің дайындығын арттыру және ата-аналармен, мұғалімдермен талқылауды жалғастырып отырмыз. Оның себебі бізге дайындықты нақты түсіну қажет», – деді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, өткен жылы 12 мыңнан астам мұғалім ағылшын тілі курстарынан өткен. Бүгінде олардың басым бөлігі өз еріктерімен А2-ден бастап В2-ге дейінгі курстарға жазылған.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |