Ән мен биден шашу шашылды

Ән мен биден шашу шашылдыЖаңақорған. Аудан жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлады. Орталық алаңға мемлекеттік мекемелер киіз үйлер тігіп, «СКЗ-У», «Байкен-У», «Қызылқұм» ЖШС ұжымы 400-500 адамдық шатыр құрып аудан халқына наурыз көже үлестірді. 
Ұлттық киім киген жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашса, ертегі кейіпкерлері балаларға қуаныш силады. Алаңда қазақтың ұлттық ойындары ойналып, жігіттер арқан тартып, гір тасын көтерді. Аудандық «Жастарды қолдау орталығы» бөлімі де арнайы киіз үй тігіп, 40 даму мүмкіндігі шектеулі балаға наурыз көже ұсынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2014 г. 1 112 0