Арал. Аудан жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін өз деңгейінде тойлады. Мейрамда дәстүріміз қайта жаңғыртылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Жиналған қауым Наурыз мейрамын тойлауға шын пейілмен белсене қатысты. Аудан орталығында 12 үй тігіліп, ақ дастарқан жайылып, қазақ халқының ұлттық тағамынан дәм татылды. Мерекеде ауданның шығармашылық ұжымдарының актерлері өнер көрсетті. Алаңның екінші жағында түрлі тағамдардан дәм ұсынылып, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.