Қазалы ауданында Ұлыстың ұлы күніне арналған Наурыз мерекесі ерекше көңіл күймен басталды. Бүгінде ауданында қала, кент, ауылдық округтер мерекені тойлады.
Орталық алаңд киіз үйлер, жастар шатыры және этно ауыл орналастырылды. Театрландырылған қойылымдар, концерттер, ұлттық дәстүрді бейнелейтін сайыстар мен спорттық жарыстар, қайырымдылық көмектер ұйымдастырылды Этно ауылды ауданымыздың білім саласы ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын көріністерімен таң қалдырды. Атап айтар болсақ, келі түю, ауылдағы той көрінісі, зергерлік бұйымдар орналастыру, әжелер ансамблінің өнері, ұлттық тағамдар ұсыну сынды қазақы ауылдың наурыз мерекесін атап өту барысы бейнеленді.
Білім бөлімінің басшылығымен ұйымдастырылған мына көріністерге кезіктік. Тұсау кесер дәстүрін өткізе отырып, ескі ойынымздың бірі «ләңгіден» жарыс өтті. Бұл керемет жарыстан жеңіп шыққан үш жеткіншегімізге велосипед сыйға тартылды. Сондай-ақ құрылысшылар саласының ұйымдастырумен ұйымдастырылған азан шақырып балаға ат қою үрдісі де жақсы өтті. «Сонымен қатар киіз үйлерден жарыс өткізіп, нәтижесінде этно ауыл жеңімпазы «Ең үздік киіз үй» номенациясын жеңіп алған білім бөлімі, «Қазақы киіз үй» номенациясын қаржы-эеономика бөлімдері және «Белсенді бастама» номенациясын жастар үйі жеңіп алды. Өз үздіктерімне жеңіп алған киіз үйлерге сый-сияпат көрсетілді» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.