Жастар жұмыссыз қалмайды

Жастар жұмыссыз қалмайдыҚызылорда облысының кәсәіпкерлер палатасы, кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері жұмыссыз жастарға өз кәсіпорындары тарапынан жұмыс тауып беріп, жұмыссыз жастардың санын азайтуға үлес қосуды жалғастыруда.
Нәтижесінде «Аквалайн» ЖШС директоры, кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Ғалымбек Жақсылықов жұмыссыз жастарға 3 бос жұмыс орнын ұсынса, «Дорстрой» ЖШС директоры Мұратбек Тілеулиев Назым Уалгалиеваның түйіндемесіне қарай отырып, өз кәсіпорнына жұмысқа шақырды. Ал «Асар» ЖШС директоры Қанағат Сақтағанов жиһаз жасаудан тәжірибесі бар ажстарды жұмысқа алуға дайын екендішін жеткізді. Үш кәсіпкер де жастарға өз ұсыныстарын білдіріп, таңдауды жұмыссыз жастардың өз еріктерін қалдырды. 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздар саны 18,2 мың адамды құрады, яғни жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,2 пайызын шамалайды. Ал, республика бойынша бұл көрсеткіш 5,2 пайыз. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылдың ақпан айына 2,4 мың адам немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ, облыстағы 34 колледжді 2013-2014 оқу жылында 8118 түлек бітіргелі отыр, сол бітіруші түлектердің 50 пайызы ғана жұмысқа орналасады деген болжам бар. Ал, қалған 50 пайызы тағы да жұмыссыздардың қатарын толықтырады деген сөз. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден бос жұмыс орындарын жұмыссыз жастарға ұсыну арқылы, жұмысқа орналастыруды қолға алды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2014 г. 1 341 0