Ғасыр жасаған аналар батасын берді

Қазалы. Аудан әкімі Бахыт Жаханов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудандағы ғасыр жасаған аналарды Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады.
Жанқожа батыр ауылының 103 жастағы тұрғыны Тұрғанбай Нәбира ана мен Ойынды ауылындағы 97 жастағы Ерімбетова Балзия ананың үйінде болып, мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Ғасыр жасаған аналар мереке қарсаңында көңіл бөліп, арнайы келген азаматтарға алғыстарын білдіріп, баталарын берді. Айта кету керек Жанқожа батыр ауылында 103 жастағы Набира ананың құрметіне арнайы билборд орналастырылған болатын. Мұндай игі іс-шаралар келешек жас ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2014 г. 875 0