Наурыз тойында Жалағаштың білекті жігіттері газель автокөлігін тартып, салмағы 130 келі болатын тасты және салмағы 160 келі болатын тайды көтерді. Бұл туралы Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Мерекенің ең қызықты шарасы «ГАЗель» көлігін тарту, тай және тас көтеру сайыстары болды. Салмағы 130 келі болатын тас пен салмағы 160 келі болатын тайды аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Сенбеков еш қиналмастан көтеріп, 21 метрге дейін жүріп барды.
Ал, ауыр ішінде жолаушылары бар «ГАЗель» автокөлігін Ақсу ауылының азаматы Дархан Бәкіров 40 метрге дейін сүйреп, әділқазылардың өтініші бойынша өзі тоқтады.