Қызылордада «Наурыз тал» дәстүрі жандандырылды

Қызылордада «Наурыз тал» дәстүрі жандандырылдыҚызылорда қаласында қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» атты акция өткізілді. 
Акцияға қала әкім Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламанов, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, сондай-ақ ардагерлер, батыр аналар, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының жетекшілері, белсенді мүшелері, саяси партиялардың филиалдарының жетекшілері т.б. қатысты. Ұйымдастырушылардың шараны өткізудегі негізгі мақсаты ата-бабамыздан қалған «Наурыз тал» дәстүрін қайта жаңғырту. Наурыз мерекесі қарсаңында ардагерлерімізден, аналарымыздан бата ала отырып, «Тағзым алаңын» тазартып, жаңадан көшеттер отырғызу. «Тағзым алаңын» таңдаудың да өзіндік себебі бар. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 25 жыл, «Невада Семей» қозғалысының құрылғанына да 25 жыл. Шараға жиналғандар нысандардың ең алдымен тазалығын ретке келтіріп, талдардың діңін әктеді.
Мұнан кейін көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Көшет отырғызу барысында алтын құрсақты аналар тілек тілеп, жаңадан отырғызылған көшеттерге ақ құйды. Шара соңында еңбек ардагері Әбуов Кеңес ақсақал игі бастамаға ризашылығын білдіріп, ардагерлердің атынан бата берді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2014 г. 841 0