Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегінде өзінің қарсыласын анықтады.

Данияр Елеусіновке қарсылас болып америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) белгіленді, деп жазады Sports.kz.

Кидд екі жеңісін техникалық нокаутпен, біреуін судьяның шешімімен жеңген. Ал төртінші айқасын тең аяқтаған. Елеусінов – Кидд арасындағы айқас алты раундқа есептелген. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ, Нью-Йорк штаты) 28 сәуірде өтеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2018 г. 498 0