Семинар өтті

Бүгін Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар» тақырыбында семинар өтті. 

Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев модераторлық жасады. Аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері, дінтану пәнінің мұғалімдері және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысқан аталмыш семинарда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы, республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі А.Әкімханов «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары» тақырыбында хабарлама жасап, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 512 0