Жаңақорған. Сәуір айынан бастап Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» күкірт қышқылы зауыты жұмысшыларының жалақысы 10 пайызға өсіріледі.
Бұл туралы бүгін Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің осы өндіріс ошағында жұмысшылармен өткен кездесуі барысында зауыт басшылығы мәлім етті. Елбасының биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндірген АНТ-жетекшісі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, инвестициялық саясат департаментінің директоры Қ.Тұмабаев өндіріс ошақтары ел әлеуетінің қарқынды дамуына өз үлестерін қосуы керек деді.