| « Маусым 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | |||||
Қазақстанда аулауға тыйым салынған киік жануарын оққа байлап, мемлекетке 14 млн теңгеден астам зиян келтірген қармақшылық 2 азаматтың 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 2-ші және 4-тармақтарымен іс қозғалған.
«Сотталушылар елімізде аулауға тыйым салынған 3 киік жануарын атып алған. Оларды тінту барысында 12-ші калибрлі аңшы мылтығы мен 3 бас киік жануары тәркіленді. Соның салдарынан олар мемлекетке жалпы құны 14 млн теңгеден астам залал келтірген», - дейді Қармақшы аудандық сотының төрағасы Дархан Кентбаев.
Сотталушылар 3 жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, олардың бас бостандығы шектелді.
Әділет Қаңтарбаев
| « Маусым 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | |||||