Мүгедектер жандар тұрақты жұмысқа орналасты

Мүгедектер жандар тұрақты жұмысқа орналастыШиелі. «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүгедек жандарға арналған «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәрмеңкеде ауданымыздағы мекемелер мен жеке кәсіпкерлер мүгедек жандарға 37 бос жұмыс орынын ұсынып, жұмыс іздеуші ретінде келген 89 азаматтың 11-і тұрақты жұмысқа орналасты. Одан өзге, 5 азамат қоғамдық жұмысқа жіберілді. "Елбасымыз өз Жолдауында мүгедек адамдарға әлеуметтік жағынан қамқорлық көрсету және көбірек көңіл бөлу керек екендігін баса айтқан болатын. Соған негіз болған бүгінгі шарада бос жұмыс орындарын ұсынып отырған мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін және бұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді деген ойдамын" - деді шара барысында бөлім басшысы Исабек Байкенжеев.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2014 г. 899 0