« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Бүгін Алматыда 5 қабатты тұрғын үй өртеніп, 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Baq.kz тілшісінің хабарлауынша, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ дейді.
«Алматының Көкжиек шағын ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 1-2 қабатындағы балкондар өртенді. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне бүгін сағат 16:03-те осындай хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 16:11-де келіп жетті. Олар келгенде 1-5 қабатқа дейін үйдің қасбеті өртке оранған еді. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 1 000 шаршы метрді құрады. Үйдің шатырын толығымен өрт шарпыған. Қазір оқиға орнына 70-ке жуық өрт сөндіруші мен 20-дан астам техника жұмылдырылған», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, тұрғын үйден барлығы 300 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |