« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Айыппұл туралы хаттама толтырылған сәттен бастап 24 сағат ішінде мәліметтер ІІМ деректер базасына енгізіледі. Оны онлайн режимде egov.kz электрондық үкіметтің порталында көруге және төлеуге болады.
Портал арқылы әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды төлеуге болады.
Еgov.kz арқылы жүзеге асырылған төлем үшін 100 теңге көлемінде комиссия ұсталады.
Айыппұл базаға енгеннен кейін 7 тәулік бойы оның көлемі 50% мөлшерінде азайтылып көрсетіледі. Осы аралықта төленбесе, жүйе автоматты түрде айыппұлды толық мөлшерге ауыстырады.
Егер айыппұл электрондық үкімет порталы арқылы төленсе, төлем туралы мәліметтер ІІМ деректер базасына дереу түседі және айыппұл өтелген болып саналады. Бұл жағдайда азаматқа ішкі істер органдарына түбіртек ұсыну қажет емес.
Айта кетейік, 7 тәулікті есептегенде мереке және демалыс күндері ескерілмейді.
Айыппұлдарды екінші деңгейдегі 12 банктің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінде төлей алады. Олар:
Сондай-ақ “Қазпошта” АҚ-ның онлайн режимінде қарауға және төлеуге мүмкіндігі бар. Ол да электрондық үкімет порталы арқылы ІІМ жүйесіне қосылған.
Айыппұлды kaspi.kz арқылы да комиссиясыз төлеуге болады. Сайт egov.kz-тің электронды шлюзін қолдану арқылы айыппұл төлемдерін қабылдайды.
Барлық банктердің VISA, VISA Electron, MasterCard, Maestro төлем карталарының көмегімен төлеуге болады.
American Express тек «Казкоммерцбанк» АҚ клиенттері үшін ғана, Altyn тек «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ клиенттері үшін төлем жасай алады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |