Елімізде шегірткемен күрес мерзімінен бұрын басталады

Еліміздің оңтүстік аймақтарына марокко шегірткесі қара бұлттай қаптауы мүмкін. Зиянкестер 2 миллион гектар алқапты жайлап алады деген болжам бар, деп хабарлады 24 кз.
Әсіресе Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында алаңдауға негіз көп. Үкімет мүшелеріне жағдайдың жай-жапсарын баяндаған Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев шегірткеге қарсы күрес мерзімінен бұрын басталатынын айтты. Фито-санитарлық ахуал GPS-құрылғы арқылы бақыланбақ. Сондай-ақ көршілес мемлекеттермен бірлесе күрес жүргізілуі тиіс.
Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
– Мароккалық шегірткенің жаппай таралуы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында күтілуде. Осы облыстарда марокколық шегірткеге қарсы 640 мың гектарды өңдеу жоспарланады. Облыстар әкімдіктеріне жедел штабтарды құруды ұсынамыз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2018 г. 619 0