Жалағаш ауданының елді мекендерінде елді мекендерінде 15 наурыз - 15 мамыр айлары аралығында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл шарада 139 көшеде әр сенбіліктерде алдын-ала есеп бойынша 2000 үстінде адам күші, 35-40 әр түрлі техникалар қатысып, 19030 түп ағаштар отырғызу, 1917 текше метр күл-қоқыстар шығару, 10 жасыл белдеулер жасау, 16 түрлі акциялар өткізу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ауыл әкімдерінен мобильдік топтар құру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын орындадардың (полигон) құжаттарын заңдастыру, учаскелік полиция инспекторлары мен басқа да құзырлы органдар өкілдерімен бірлесіп, жеке және заңды тұлғаларға санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін ескертулер беру, тұрғындардың белсенділігін арттыру жұмыстарын жандандыру шаралары қолға алынуда.
Сондай-ақ, биылғы жылы Жалағаш аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі арқылы 14300 түп сыр талы, 5200 түп терек ағаштарының көшеттерін елді мекендердің қажеттілігіне ұсынылып отыр. «Аудан екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімінің өкімінің жобасы және атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары жобасы дайындалды.