Жаңақорған. Кенттегі «Ардагерлер және жастар ресурстық орталығында» облыстық «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің директоры Ж.Түсмағамбетов жергілікті аға буын және жастар қауымымен жүздесті.
Ол өз баяндамасында Елбасының Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер мен жастар қауымына жасалынып жатқан қамқорлықтарды және өзі басқаратын мекеменің жұмыс-жоспарларының аясында жасалынатын әлеуметтік жобалар жөнінде кеңінен тоқталды. Өз кезегінде жергілікті ҮЕҰ-төрағалары З.Шермағамбетов, М.Махмутовтар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс пікірлерін жолдады. Кездесу соңы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық шарасымен түйінделді.