Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жауын жауады

«Қазгидромет» РМК 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, елдің орталығында, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл,  жел 18-23, екпіні 30 м/с және одан аса күшейуі күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің  жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Алматы облысының кей жерлерінде жел  118-23 м/с күшейеді, күндіз найзағай болады. Солтүстік Қазақстан,  Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдық жел соғады.   


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2018 г. 957 0