Полицияның жас көмекшілері отрядының форумы өткізілді

  Қызылорда облыстық білім басқармасы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Жергілікті полиция қызметінің бірлесіп ұйымдастыруымен №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында 2018 жылғы 30 наурыз күні «Полицияның жас көмекшілері» отрядының І облыстық форумы» өткізілді.
Форум барысында «Менің елімнің болашағы – менің қолымда» атты құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған облыстық шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға нашақорлық пен құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізілген байқау жұмыстары таныстырылды.
Сонымен қатар, шара кезінде облыстық байқаулардың жеңімпаздары, Қызылорда қаласы мен аудан мектептерінен 80-ге жуық оқушылар облыстық үздік эссе, плакат, фотосуреттер байқаулары қорытындысымен марапатталды.
Шара №9 және №10 «Білім-инновация» лицейінің оқушыларын жас жасақшылар қатарына мүшелікке қабылдаумен қорытындыланды. Жаңадан мүшелікке қабылданған оқушылар ант қабылдап, төсбелгі тақты.
Патриоттық әндер орындалып, жасұландықтардың әдеби-патриоттық монтажы көрсетіледі. Марапат иегерлерімен естелік суретке түсу рәсімі өткізілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2018 г. 1 066 0