Күн күрт суытып, күшті жел тұрады

Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің хабарына қарағанда, 31 наурыз күні Қызылорда облысында жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғады, кейде екпіні 30 м/с-тан да асып, шаңды дауылға ұласады. Күндіз ауа температурасы күрт төмендеп, 10-15 градус, кей жерлерде тіпті 0-5 градус нөлден жоғары болады.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2018 г. 424 0