Театр күні тойланды

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры айтулы мерекені жоғарғы деңгейде атап өтті. Мерекелік кештің шымылдығы театрда қызмет атқарған ардақты ардагерлерді еске алумен ашылды. Содан соң ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мира Рахымжанқызының, басқа да театр ұжымдарының арнайы құттықтаулары тыңдалды.

Артистер және жыл көлеміндегі театр спектакльдеріне тұрақты көрермен болғаны үшін Алмат Шалқарбаев «Үздік көрермен» номинациясымен, театр өнері туралы үздік видео түсірілімдер жасағаны үшін «Театр өнерін насихаттаушы» номинациясымен «Қазақстан- Қызылорда» телеарнасының операторы Ахан Әлиев марапатталды. Сахна шеберлерінің өнердегі өмірі туралы үздік мақалалар жариялағаны үшін әріптесіміз Назерке Саниязова да «Театр өнерін насихаттаушы» аталымын иеленді. Шара соңында қалалық жастар театры арнайы биден шашу шашса, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы ықылас гүлін табыстады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2018 г. 616 0