Мұражайға саяхат

«Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала қазынасы» бағыты бойынша облыстық тарихи өлке тану мұражайына партия қызметкерлері,белсенді партия мүшелері мен мектеп оқушылары саяхат жасады.
Қала орталығында орналасқан мұражайға 15 бала келді. Мұражай қызметкері Ж.Жарекеева балаларды мұражай экспонаттарымен таныстырып, қазақ тарихы мен қазіргісін толыққанды түсіндірді. Мұражайдың негізгі қызығушылық тудыратын заттары сол замандардың айнасы іспеттес. Шолу экскурсиясы аяқталғаннан кейін, балаларға залдарды жетекшілерімен бірге аралау ұсынылды. Бұл ұсынысқа қуана-қуана келіскен балалар тарихи-өлкетану мұражайының үлкен әсер қалдырғанын, ондағы заттар мен экспонаттар жоғары талғаммен іріктелгендігін жарыса айтты. Қазіргі заманда өскелең ұрпаққа, заттай дәлелдемелер, өткен ғасырлар сырын шертетін мұражайлар өте маңызды. Мұражайларға бару, өз тарихын, өткен мен бүгіннің бір-бірімен тығыз байланысты екенін білу, сезу әр адамның адами борышы.Осындай шараны бірлесе атқарған мұражай қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2018 г. 1 219 0