
Биыл жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып бекітіліп отыр. Мен 2015 жылдан бастап жеке кәсіппен айналысып келемін.
125 орындық жеке балабақшам бар. Аудандағы жұмыссыздықты азайту мақсатында 35 адам жұмыспен қамтылып отыр. Балабақша үштұғырлы тіл саясаты бойынша тәлім-тәрбие береді. Өңірлік инвестициялық қордан балабақшаны жабдықтау үшін 7 пайызбен 10 миллион теңге несие алдым. Несие алу барысында ешқандай кедергі болмады. Сондықтан кәсіп бастағалы жүрген азаматтарға несие алып, кәсіп бастауға кеңес беремін. Алдағы уақытта осы несиені жауып, қайта алып, бизнесті дамытқым келеді. Мен үшін бұл өте тиімді және мүмкіндігі зор бастама болды.
Т.ИБРАЕВА,
АРАЛ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРІ