Руханият және дәстүр

Жалағаш аудандық іші саясат бөлімі және «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде «Руханият және дәстүр» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. 
Шараға республикаға белгілі теолог Б.Убаев, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Ұ.Ахметова, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Жалағаш аудандық бөлімінің меңгерушісі А.Байқабылов және БАҚ өкілдеріқатысты.  Кездесу барысында жастарға біздің салт-дәстүрлеріміз,  тұрмыстағы түрлі сенімдеріміздің негіздері түсіндіріліп, әр халықтардың өздеріне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болатындығы, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым екендігі жөнінде кеңінен мағлұматтар берілді.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2018 г. 756 0