«Шағала» жазғы балалар лагерін су басты

Ағымдағы жылдың 29 наурызында 10 сағат 30 минутта Қазалы ауданы Абай елді мекені тұсында  Сырдария өзені арнасында мұз кептілуі әсерінен судың деңгейі 70 см көтерілген, соның салдарынан Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгетінің 3 жерін су жырып кеткендіктен «Шағала» жазғы балалар лагерін су басты (лагердің жалпы көлемі – 29 гектар). Су басқан орын мен Қазалы қаласы шеткі аймағындағы қорғаныс бөгетіне дейінгі ара қашықтық 1,5 шақырымды құрайды.
Қазіргі таңда су деңгейін төмен түсіру және қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру үшін Басықара  су торабының қақпағы жабылды. Сонымен бірге тұрғындар құлақтандырылды және эвакуацияға дайын. 7,0 мың адамды қабылдай алатын жинақтау-эвакуациялық және қабылдау-эвакуациялық пункттері (Қазалы мәдениет үйі - №5 жинақтау-эвакуациялық пункті, Ақсуат ауылдық округі  №100 орта мектеп -№6 қабылдау-эвакуациялық пункті, Әйтеке би кенті №165 орта мектеп - №1 қабылдау-эвакуациялық пункті, Әйтеке би кенті №204 орта мектеп – №2 қабылдау-эвакуациялық пункті, Әйтеке би кенті №5 кәсіби мектеп - №5 қабылдау-эвакуациялық пункті) дайындыққа келтірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары (32 адам мен 5 техника бірлігі), ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ (12 адам мен 3 техника бірлігі), аудандық ішкі істер бөлімінің (40 қызметкері мен 4 техника бірлігі), жергілікті атқарушы органнан  (350 адам мен 11 техника бірлігі) тартылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
12 сағат 00 минутта мұз кептілісін жою мақсатында Сырдария өзенінде (Қазалы ауданы Абай елді учаскесі тұсында, 164 кг жару заттарын пайдалану отырып) жару жұмыстары жүргізілді.
12 сағат 45 минутта Сырдария өзеніндегі су деңгейі 40 см төмен түсті.

Қызылорда облысы ТЖД

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2018 г. 682 0