Сең жүру деңгейі қауіпті белгіден асып тұр

Сырдария өзенінде сең жүру деңгейі қауіпті белгіден асып кетті, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазгидрометтің 24 және 25 наурызға жариялаған ескертуіне сәйкес, 26-29 наурыз аралығында Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінде мұз кептеліп, судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. Сырдария-Қазалы су көпірі аумағында судың қауіпті деңгейі 743 см, 29 наурызда сең жүрген кезде оның деңгейі 751 см-ге жеткен. Қазгидромет мамандары Сырдарияның төменгі ағысына жеткен сең көлемі көбейіп, мұз кептеліп, судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны болады деп болжауда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2018 г. 597 0