«САРЫТЕРЕҢГЕ» СУ КЕЛДІ

Бөген – балық шаруашылығын өркендеткен  ауылдардың бірі. Мұндағы жұртшылық теңіз тереңінен су маржанын сүзіп, ырзық-несібелерін тауып келеді.
«Сарытерең» – Бөген және Көне Бөген елді мекендерімен шекаралас орналасқан су айдыны. Бір замандарда аталған көлдің батыс биігіндегі кеме қатынайтын өзекке ұзындығы 4 шақырым, биіктігі 4,5 метр болатын дамбы соғылып, су айдыны қолдан жасалған деседі. Сырдария өзенінен құйылатын судың мөлшеріне қарай «Сарытерең» көлінің көлемі өзгеріп отырады. 2001-2002 жылдары ауыл тұсындағы көлдің көлемі 1400 гектарға ұлғайып, тұрғындар балық аулауды жолға қойған еді. Алайда, бертін келе, «Тұщы» көлі толмай тұрғандықтан, «Сарытерең» тартылып, көлдің ұлтаны тұзды сорға айналған еді.
– САРАТС жобасы аясында Сырдария өзені арқылы жететін су мөлшерінің көлемін тұрақты ұстап тұру үшін «Ақлақ» су тоспасы салынды. Жоба жемісін беріп, арнасы қаңсыған көлдерді суландыруға жол ашылды. Соның бірі ретінде 15 жыл бойы кеуіп жатқан «Сарытереңге» су келе бастады, – дейді Бөген ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Аралбай Әлішев.  

А.ЖАЙШЫЛЫҚ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2018 г. 627 0