« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Көктемгі демалыстардың басталуымен Астана және Алматы қалаларында Елбасының қызметімен тығыз байланысты жерлерде өтетін «Көшбасшы жолы» турлары жалғасын тапты. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Бұл жолы турларға Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 500 оқушы қатысады.
26-30 наурыз аралығында Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқушылары Астанаға келсе, 27 наурыз бен 2 сәуір арасында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, және Қостанай облыстарының үздіктері Алматы мен Үшқоңырға барады.
Астанада оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының мұражайы, қоры мен кітапханасы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Астана - Бәйтерек» монументі және Назарбаев Университеті көрсетіледі.
Алматылық турдың бағдарламасы Алматы облысындағы Елбасы оқыған Қарасай батыр атындағы мектеп, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің үй-мұражайы, «Батыр Бабалар» мемориалды кешені, сондай-ақ Алматы қаласындағы Тұңғыш Президент саябағы, Орталық мемлекеттік мұражай мен Медеуді қамтиды.
«Көшбасшының жолы» алғашқы турлары «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен өткен жылы күзгі демалыс кезінде Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастырылған болатын. Турларға Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 480 белсенді және үздік студенттері қатысқан.
Өткен турдың қорытындысы бойынша мектеп оқушыларынан кері байланыс алу үшін «Көшбасы жолы» пилоттық жобасының қатысушылары арасында эссе байқауы өткізілді. Мектеп оқушылары өз шығармаларында сапардан алған әсерлері мен эмоцияларын сипаттап, көрген көрікті жерлер туралы әңгімеледі, сондай-ақ елдегі туризмді дамыту туралы ойларымен бөлісті.
Осылайша, Астанаға барған мектеп оқушылары арасында Назарбаев Университетінің экскурсиясы ұмытылмас әсер қалдырды, және олардың көбі өздерінің жоғарғы білімін осы оқу орнында жалғастырғысы келгенін баяндады. Тұңғыш Президенттің мұражайы мен кітапханасы да мектеп оқушыларына өте қызықты болды, бұл – балаларға жақсы оқып, белсенді болуға қосымша ынталандыру көзі болды.
Алматы қаласы мен облысына саяхаттаған мектеп оқушылары Қаскелең тарихи-өлкетану мұражайы мен Мемлекет басшысы оқыған Үшқоңыр мекеніндегі мектеп сияқты нысандарға көп көңіл бөлді.
Арнайы байқау комиссиясы Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әрқайсысында жеңімпаздарды анықтап, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті, оның ішінде планшеттер, смартфондар және ақылды сағаттар бар.
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының өкілдерінің пікірінше, мұндай туристік саяхат жастар мен жасөспірім туризмін дамытуда маңызды рөл атқарады. Болашақта «Көшбасшының жолы» жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен еліміздің барлық өңірлеріне таралу мүмкіндігі бар деп аталады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |