« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы мен 26 наурыз – «Арал теңізінің күніне» орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, ҚазКСР мелиорация және су шаруашылығы экс-министрі, Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры Нариман Қыпшақбаев, Арал ауданындағы «Шарткен-Ата» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құдайберген Саржанов пен Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз қатысты. Шара барысында қатысушылар Арал проблемасын талқылап, теңізді қайта толтырудың, сақтап қалудың әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін алға тартып, маңызды мәселенің түйінін бірлесе тарқатуға шақырды.
Айта кетейік, Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс көптеген көрсеткіштері жағынан Орталық Азия аймағынан асып, дүниежүзілік сипат алып отыр. Теңіз бассейніндегі шекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесе басқаруды ұйымдастырудағы шешілмей жатқан мәселелер мен әлеуметтік-экономикалық, экологиялық жағдайлардың ушығуы Орталық Азия елдерін Арал дағдарысына қарсы күресте күш-жігерін біріктіріп, аймақтық қарқынды қызметтестікке мүдделі етті. 1993 жылдың 26 наурызында облыста Орталық Азия мемлекеті басшылары бас қосып, Арал теңізі және Арал маңының экологиялық сауықтырылуы мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуде бір байламға келді. Саммит аясында құрылған қор халықаралық қауымдастық қолдауымен бірқатар жобаларды қаржыландыруда. Сонымен бірге БҰҰ Даму бағдарламасымен, ЮНЕСКО, Бүкіләлемдік банк, Азия даму банкі, ТАСИС ұйымдарымен, Германия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Швеция және басқа да донор елдер үкіметтерімен бірлесе отырып, байыпты бағдарламаларды іске асырып келеді.
М.СНАДИНҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |