«Допинг» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің операциялық жоспарына сәйкес есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 2018 жылғы 26-30 наурыз аралығында «Допинг» жедел-профилактикалық  іс-шарасы жүргізілуде.

Шараға Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Криминалды полиция басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Іс-шара аясында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласында шаруашылық ететін субъектілер тексеріліп, дәріханаларда, қоймаларда, емдеу-профилактикалық мекемелерде, өндіріс орындарында  рейдтік шаралар ұйымдастырылады.

Аталған іс-шара наурыз айының 30-на дейін жалғасатын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2018 г. 520 0