ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕФОНДАР ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Талғат Дүйсебаев мүгедек жандарға жасалып жатқан бірқатар шаралар туралы айтты. Оларға көмек көрсету барысында бірнеше жоба жүзеге асқан.
 Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес мүгедектерді оңалту бағдарламасына қарай тифлотехникалық құрал – дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондармен қамтамасыз етуге Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 2017 жылдың шілде айында нақтыланған бюджеттен 160 дана телефонды мемлекеттік сатып алуға облыстық бюджет есебінен әрқайсысының құны 125 мың теңгеден 20 млн теңге қаржы бөлінген. Аукцион арқылы мемлекеттік сатып алуға 8 өнім беруші қатысып, 33500 теңгеден 160 дана барлығы 5,3 млн теңгеге  «Саңыраулардың қазақ қоғамы» бірлестігі жеңіп алып, үнемделген 14,7 млн теңге бюджетке қайтарылған.
Тапсырыс берушімен бекітілген техникалық ерекшеліктерге сәйкес өнім берушімен жеткізілетін телефондарда  міндетті түрде сөйлеу синтезі орнатылуы тиіс. Ал жеткізілген телефондарда ол орнатылмағандығына байланысты тауарды жеткізу мерзімі ішінде қабылданбай қайтарылып, өнім берушімен 2 тәулік ішінде әрбір телефон қорабынан ашылып, ғаламторға қосылған SIM-карта салынып, сөйлеу синтезі орнатылып, жеткізілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар телефондарды пайдалану барысында ақаулар орын алуына байланысты кері қайтарлыған 135 телефон қайта ауыстырылғаннан кейін 103-і жарамсыз деп танылған. Осыған орай, мамандандырылған мекеме «Гранд»  жеке кәсіпкерінің «5 элемент» сервис орталығымен телефондардың сапасы мен жарамдылығына қорытынды алынғаннан кейін сотқа талап арыз жолданатын болады.

                                                                                           Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
                                           Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2018 г. 611 0