Аудандық емхана 40 жылдан бері жөнделмеген

Аудандық емхана 40 жылдан бері жөнделмегенЖаңақорған. Ауданға іс-сапармен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова жас кадрлардың біліктілігін арттыруға аса назар аудару қажеттігіне тоқталды. 
Министр С.Қайырбекова кент орталығындағы аудандық емхананың жағдайымен танысты. Министр бастап келген топты емхананың бүгінгі жағдайы мен ауданның денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтары жөнінде емхананың бас дәрігері Ж.Абдусаметов таныстырды. «1976 жылы салынған 3 қабатты емхана бірнеше жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Емхананың 47% медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Алайда, бүгінде ғимарат ішіндегі бөлмелердің жетіспеушілігінен тіркеу бөлімін ұйымдастыра алмай отырмыз. Сонымен қатар, мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарлама аясында бүгінде емханада жұмыс жасап, баспаналы болған 17 жас маманымыз бар»,- деді өз сөзінде бас дәрігер Ж.Абдусаметов. Министрден өзге топ құрамында облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2014 г. 1 569 0