Сотталғандарға арналған ашық есік күні

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейлі тасыған ұлы мереке. Айтулы мереке қарсаңында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінде жазасын шаруашылық қызметінде өтеп жатқан сотталғандарға арналған «Ашық есік» күні өтті.  

Іс-шараны ЗК-169/1 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі А.Тасқараев ашып, сотталғандардың туыстарына Ұлтымыздың мерейі өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық  әкелсін деп жылы лебізін жеткізді. Шара барысында  сотталғандардың туыстары олардың жататын жатақханасымен, тамақтану орындарын, медициналық көмек көрсету орнын, спорттық мәдени іс-шаралар өткізілетін орындарын аралап көрді.Жазасын өтеушілерді туған туыстарымен кездестіру олардың қарым-қатынастарын нығайтуға және бостандыққа, қоғамға сіңісуіне оң әсерін тигізеді. Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғастырылды.

Мекеменің маман психологы  Ж.Жұматаева

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 493 0