Қазалыда «Сауда логистикалық орталық» құрылады

Қазалыда «Сауда логистикалық орталық» құрыладыАудан бойынша кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жобалар мен оны іске асыру бойынша шешімін табуы тиіс мәселелер аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінде тұрақты қаралып, кәсіпкерлердің өтініш, сұрақтары бойынша бірлесіп шешім қабылданып келеді
Аудан әкімі Б.Жақановтың төрағалығымен өткізілген кеңестің кезекті отырысында аудан бойынша кәсіпкерлік қызметі аясын кеңейту, халыққа қызмет көрсету орындарын ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жоспарланған «Сауда логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Жобаның мақсаты ауданда халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі дамытып,жергілікті тауар өндірушілердің өндірген өнімін делдалсыз өткізу арқылы, бағаны тұрақтандыру болып табылады. Жоба аясында 20-ға жуық халыққа қызмет көрсету нысандарында жалпы 100-ге жуық адам жаңа жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2014 г. 881 0