Грузияда қызыл қар жауды

Грузияның Аджария таулы аймағында қызыл қар жауды, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Табиғаттың мұндай құбылысы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі шаңды дауылдан кейін болған. 

Эколог мамандардың айтуынша, Жерорта теңізінен соққан жел Грузияға дейін жеткен. Мұндай сипаттағы жауын-шашын тек Грузияда ғана емес Ресейдің Краснодар өлкесінде байқалған.

Ұсақ шаңдар қармен бірге ғана түспеген, сондай-ақ Грузияның кейбір жерлерінде сары құм аралас жауын да жауған.

Синоптиктер қызыл қар және шаң аралас жауын-шашын адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіпті емес екендігін айтады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 наурыз 2018 г. 585 0