«Ордабасы» Қызылордаға бас бапкерсіз келеді

«Ордабасы» Қызылордаға бас бапкерсіз келедіФутболдан жаңа маусым басталмастан бапкерлер қызметінен босатылып отыр. Біздің Қызылорданың «Қайсары» 15 наурызда өз алаңында қабылдайтын Шымкенттің «Ордабасы» клубы сол ойынға екі күн қалғанда бапкерсіз қалды. 
Бүгінгі күнге дейін бұл қызметті Виктор Пасулько атқарған еді. Дегенмен, не себепті екені белгісіз, клуб басшылығы онымен арадағы келісім-шартты үзіп тастады. Ендігі кезекте Қызылордадағы алғашқы кездесуге команданы бас бапкердің көмекшісі Қуаныш Қарақұлов бастап баратын болды. Алдағы уақытта бұл қызметті румыниялық маман Августин Кирица немесе қазақстандықтар – Қуаныш Қарақұлов пен Талғат Байсуфиновтің біреуі атқаруы мүмкін. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Жауабы жақын күндері белгілі болады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2014 г. 630 0